Главная Новости Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды
25 сәуір 2024, 17:36 495

Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды

Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатына салынған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Алға» спорт клубының ғимараты ашылды.

Ғимарат заманауи жабдықтармен, мүмкіндігі шектеулі және тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандарға арналған тренажерлармен жабдықталған, лифтілер мен пандустар орнатылған. Бұл – компанияның демеушілігімен салынған және пайдалануға берілген қаладағы екінші спорт кешені.

Сондай-ақ компания спорт клубтың қажеттілігіне және спортшылардың ыңғайлы жүріп-тұруына микроавтобус тарту етті.

«Алға» спорт клубында бүгінде 100-ге жуық спортшы шұғылданады. Олардың қатарында республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондары бар. Сонымен қатар, клуб спортшылары 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Спорт клубтың ашылуына ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Килыбай, БАҚ және мәдениет саласының өкілдері арнайы келді.

«Біз осындай керемет спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың спорттағы жетістіктеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Біз жеңістің қуанышын сезінетін және басқаларды өзінің үлгісі мен табандылығымен шабыттандыратын мүмкіндік жасауға қуаныштымыз. Сайып келгенде, спорт — бұл өзіңді физикалық тұрғыда жеңу ғана емес, мықты рух пен ерік-жігердің көрсеткіші», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

«Бұл кешен жай ғана орталық емес, сонымен қатар, біздің қоғамдағы инклюзия мен теңдіктің маңыздылығын көрсететін символға ие нысан. Бұл жер әркім өз потенциалын ашып, мотивация және мүмкіндік таба алатын орын ретінде қызмет етуге арналған. Алдағы Паралимпиада ойындары біздің спортшыларымыз үшін өзінің керемет талантын ғана емес, сонымен қатар мызғымас рухани күшін көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің спортшылар тек жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, табандылық пен рухани күштің үлгісін көрсете отырып, өзгелерді шабыттандыратынына сенімдімін», — деді Нұрлан Ноғаев.

«Алға» спорт клубының негізін 1993 жылы Амантұрлы Қылышбаев қалаған. Клубтың қазіргі жетекшісі — Құралбек Сейітов. Спорт клубта отырып ойнайтын волейбол, бочча, тоғызқұмалақ, қол күресі, футбол, жеңіл атлетика, теннис, жүзу және өзге де 17 үйірме бар.

Сонымен қатар, ҚМГ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Жаңаөзенде мың түп ағаш отырғызады. Науқанның бастамасы ретінде іс-шара қатысушылары спорт кешенінің аумағында ағаш отырғызды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: