Главная Новости ҚБМ: Білікті маман марапатқа лайық
04 мамыр 2024, 16:43 495

ҚБМ: Білікті маман марапатқа лайық

ҚБМ: Білікті маман марапатқа лайық

Ақтауда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиналыста Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов әр түрлі мекемелерде аталмыш бағыт бойынша оң нәтиже көрсетіп, жемісті еңбек етіп жүрген жұмысшыларды марапаттады.

Құрметке бөленгендер қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Рүстембек Жайлау, бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеудегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша топ жетекшісі Қуанғали Нсанбаев бар. Компанияның кәсіби білікті әрі тәжірибелі мамандары ұзақ жылдан бері өндірістегі қауіпсіздікті сақтау саласына сүбелі үлес қосып келеді.

«Қауіпсіздік әркімнің өзінен басталады. Белгіленген ережелерге бей-жай қарамай, талаптарды қатаң сақтау арқылы біз өзімізді және айналамыздағы әріптестерімізді түрлі өндірістік жарақаттардан қорғай аламыз. Осы күнге дейін еткен еңбегімізді ескерген әкімдік пен компания басшылығына алғысымыз шексіз.Мұнайшылардың қауіпсіздігін сақтау жолында әлі де тынымсыз тер төгеміз», - дейді марапат иелері.

Еңбек қауіпсіздігі - өзектілігі жойылмайтынмаңызды тақырып. Сондықтан жиналысқа қатысушылар өндірістік процестер мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығын сақтау бойынша бірқатар негізгі міндеттерге тоқталды. Мамандар талқыға салынған тақырыптар бойынша пікір білдіріп, тәжірибе алмасты. Оған қоса жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша кейстерді қарастырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: