Главная Новости ҚБМ: Қаржылық сауаттылық – қоғам талабы
03 мамыр 2024, 09:24 271

ҚБМ: Қаржылық сауаттылық – қоғам талабы

ҚБМ: Қаржылық сауаттылық – қоғам талабы

«Қаражанбасмұнай» АҚ І вахтаның еңбек ұжымы тұлғалық даму бағытында білімін шыңдап,қаржылық сауаттылық психологиясы тақырыбы бойынша тренингке қатысты. Мұнайшылар жұмыс күнінен соң мәдени демалыс орталығының залына жиналып, кәсіби бизнес тренер, лектор Сәуле Кенесары Хан Қызының дәрісін тыңдады.

Қаржылық сауаттылық – бұл адамның ақша табу және басқарудағы сауаттылық қабілетін көрсететін психологиялық сапасы. Тапқан табысты тиімді жұмсап, қор жинау қарапайым қағидаларға негізделеді. Тренинг барысында спикер ақша ағынын реттеу мен қарызды азайтудың құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ теориялық білімді тәжірибеде қолданудың маңыздылығы айтылды.

«Ақша тақырыбы кез келген адам үшін өзекті. Кен орнында осындай тренингтердің өтуі біздің өз мамандығымыздан тыс жеке тұлға ретінде шыңдалуымызға септігін тигізеді. Негізі қаржыны басқарудың аса бір құпиясы жоқ. Сабақ арқылы өзіміз білетін ережелерді іс жүзінде пайдалану оң нәтижеге жеткізетінін ұғындық», – деді қаражанбастықтар.

Тренингтен соң қатысушылар аталмыш тақырып бойынша лекторға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Айта кетейік, компания өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің бәсекеге қабілетті, заманға сай білім алуына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан түрлі бағыттағы шеберлік сағаттары мен тренингтер кен орнында жыл бойы жалғасады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: